МАЭС залал сомасын өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен талапкер "Теміртау электрметаллургиялық комбинаты" АҚ-ның жауапкер «ҚазАтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ-нан, «Сейсер» ЖШС-нен 272 806 теңге мөлшерінде залалды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.
Талап арыздың мазмұны бойынша,талапкерге тиесілі автокөлік Қарағанды қаласынан Теміртау қаласына жүру жолында, шанақтың зақымдануы болған. Тас жолда, автокөлік жүк автоколігінің артына ілесті. 1041 шақырым трасса телімінде, жүк автокөлігі дөңгелегінің астынан талапкер автокөлігінің бағытына қарай темір арқау бөлшегі ұшқаны анықталды. Осының салдарынан талапкердің автокөлігі көптеген зақым алды.

Бұл жол-көлік оқиғасын полиция бөлімінің қызметкері тіркеуге алды. Темір арқау бөлшегі тас жолдың жүргін бөлігінде жатқаны анықталды. Талапкерге әкімшілік құқық бұзушылық бойынша іс қозғаудан бас тартылды. Оған сотқа трассаның теңгерім ұстаушысына талап арызбен жүгінуге  кеңес берілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 шілдедегі №744 қаулысына сәйкес "ҚазАвтоЖол" АҚ автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор болып белгіленген.

Осы факт бойынша, талапкер трассаның теңгерім ұстаушы "ҚазАвтоЖол" АҚ-на сұраныспен жүгінді. Талапкер көрсетілген тас жолдың телімін қайта құрылуы және сақтауы «Сейсер» ЖШС-не берілгені туралы  жауап алды.

Сотпен талап-арыз толығымен қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі