Сот денсаулыққа келтірілген зиянды өтеуді іске асыруды ЖШС-ке міндеттеді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Балқаш қалалық сотында талапкер Ж.-ның жауапкер «Корпорация Казахмыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін денсаулыққа келтірілген зиянды өтеуді міндеттеужәне моральдық зиян үшiн өтем өндiру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот талапкер Ж.-ның жауапкер «Корпорация Казахмыс» ЖШС-мен еңбек қатынасында болып, электромонтер қызметін атқарғанын анықтады. Жұмыс барысында жазатайым жағдай болып, нәтижесінде талапкер Ж. 25 пайызға кәсіби еңбекке жарамдылығын жоғалтқан. Актіге сәйкес, жазатайым жағдайдың болуына 100 пайыз жұмыс беруші кінәлі екендігі анықталған.

Сол себепті талапкер соттан жауапкерге денсаулыққа келтірілген зиянды ай сайын өтеуді міндеттеуді, 13 614 000 теңге мөлшерінде моральдық зиян үшiн өтем және 200 000 теңге өкілдік шығындарды өндiруді сұраған.

Сот құжаттар мен дәлелдерді зерделей келе, талап арызды жартылай қанағаттандырды. Жауапкерді денсаулыққа келтірілген зиянды өтеуді іске асыруды міндеттеді, 700 000 теңге моральдық зиян үшiн өтем және 70 000 теңге өкілдік шығындарын, сондай-ақ, 2 269 теңге мемлекеттік баж шығындары өндірілді, ал талаптың қалған бөлігін қанағаттандырусыз қалдырды.

Қайнар: 
Балқаш қалалық сотының баспасөз қызметі