Сот қадір -қасиетіне және және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпаратты дұрыс деп тапты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотына мемлекеттік еңбек инспекторы Н. жауапкер А.-дан моральдық залалды өндіру, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпаратты жоққа шығару туралы талап қою арызымен жүгінді.

Өзінің талап қою арызында, жауапкер әлеуметтік желіде мемлекеттік инспекторға қатысты: «Жақында менде осындай жағдай болды, еңбек инспекторы Н. пара бопсалады, алайда пара беруден бас тарттым. Қаржы бақылауына жүгінбегеніме өкінемін» деп  түсіндірме жасаған. Сол себепті, әлеуметтік желіде жарияланған сот қадір -қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметті шындыққа сәйкес емес деп танып, жауапкерді әлекуметтік желіде жарияланған ақпаратты жоққа шығаруды міндеттеуді, жұмыс орны бойынша жазбаша кешірім сұрауды және 100 000 теңге мөлшерді моральдық залалдың орнын толтыруды сұрады.

Сот талап қоюшының талаптарын дәлелді және негізді деп танып, жартылай моральдық залалды қанағаттандырып, 10 000 теңге  мөлшерде өндірді.

Сот шешімі заңды күшінен енген жоқ.

Қайнар: 
Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі