Сот қаулысын орындамағаны үшін әкімшілік қамау

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыPDFPDF

Шахтинск қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында  Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669 бабына сәйкес (Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) Долинка кентінің тұрғыны азамат Б.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қаралды.

Азамат Б. 2017 жылғы 25 ақпанындағы әкімшілік соттың қаулысымен ҚР ӘҚБтК-нің 440 бабы бойынша салынған айыппұл бойынша борышкер бола тұра,  сот қаулысын орындамаған.

Сот қаулысы заңды күшіне енген күннен қазіргі уақытқа дейін борышкер Б. атқарушылық құжаттың талаптарын орындамай, бірнеше рет хабарламалар жасалса да сот актілерін орындаудан  жалтарған. Әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығы жөнінде ескертілген.

Сотта құқық бұзушы азамат Б. кінәсін толығымен мойындап, тұрақты жұмыс орыны болмауына және материалдық жағдайының ауырлығына  байланысты сот шешімін орындай алмағандығын түсіндірді.

Сот азамат Б. әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 1 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Шахтинск қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар