Тұрғын үйге меншік құқығын тоқтату және шығару туралы талап қою арызын қанағаттандырудан бас тартты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотында Қарағанды қаласы әкімдігінің жауапкер Т.-ға тұрғын үйге меншіқ құқығын тоқтату және шығару туралы азаматтық ісі қаралды.

Талап қою арызы «Э» ЖШС сараптама комиссиясы жауапкер Т. пәтері орналасқан тұрғын үй қалпына келтіру жұмыстары дәрежесі және экономикалық мақсатқа сәйкестігі бойынша қалпына келтіруге жатпайды деген техникалық қорытындыға негізделген. Қазақстан Республикасының Тұрғын үй қатынастары туралы Заңына сәйкес тұрғын үйге меншiк құқығын күштеп (меншiк иесiнiң еркiнен тыс) тоқтатуға құлау (қирау) қаупі бар авариялық тұрғын үйлерді бұзу жағдайларында жол беріледі. Сол себепті, жауапкер Т.-ның меншік құқығын тоқтатуды және отбасы мүшелерімен қоса пәтерден шығаруды сұрады.

Тұрғын үй ғимараты әкімдікпен төтенше жағдай апатында тұр деп және бұзылуға жатады деп танылмағандықтан сот талап қоюшының арызын қанағаттандырудан бас тартты.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі