Алкоголь өнімін 21-00 сағаттан кейін сатқаны үшін айыппұлға тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Осакаров ауданының №2 аудандық соты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 200 бабы 3 бөлігі бойынша (мейрамханаларда, барларда және дәмханаларда өткiзудi қоспағанда, алкоголь өнiмiн өткiзу) Молодежный кентінің тұрғынын кінәлі деп таныды.
2016 жылдың 06 шілдесінде 22-00 сағатта П. азаматшаға қатысты алкоголь өнiмiн бөлшек сауда тәртібін бұзу туралы хаттамасы жазылды. Сот мәжілісі барысында құқық бұзушы өз кінәсін мойындады, істеген іс-қылығына өкінді, хаттамада көрсетілген фактісін растап, мейрам күндері алкоголь өнімін сауда-сатуға тыйым салынғанын білмегенін мәлімдеді.
Сот қаулы заңды күшіне енгеннен кейін 1 айға тиісті қызмет түріне лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, 14 847 теңге көлеміндегі айыппұл түріндегі әкімшілік жазаға тарту туралы қаулы шығарды.

 

Қайнар: 
Осакаров ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі