Балқаш қалалық сотында мұражайдың салтанатты ашу рәсімі өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Балқаш қалалық сотының ғимаратында мұражайдың салтанатты ашу рәсімі өтті. Экспозиция Қазақстан Республикасы судьяларының кезектен тыс болатын VІІ съезіне арналған.
Мұражайды ашылуына қалалық сот төрағасының міндетін атқарушы Л.А. Сагимбекова, судьялар мен сот мамандар, «Корпорация Казахмыс» ЖШС, «Казахмыс Смэлтинг» ЖШС, «Адам және Заң» ЖШС, Қарағанды облысы бойынша В.И. Дергунов атындағы Мемлекеттік адвокаттар кеңсесінің, жеке адвокаттар, нотариустар, прокуратураның, ІІБ-нің, АК 159/21 мекемесінің, «Қайрат фотостудиясының» өкілдері, сондай-ақ, жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.
Л.А. Сагимбекова көрменің ашылу рәсімінде, іс-шараның мақсаты сот төрелігінің қалыптасуы мен дамуын жан-жақты көрсету болып табылады.
БАҚ-пен жұмыс бойынша үйлестіруші, судья Н.М. Берликешева ұсынылып отырған экспонаттар, құжаттар, фотосуреттер мемлекеттік мұрағаттан, Балқаш қалалық сотында қызмет еткен судьялардың жеке мұрағатынан жинақталған. Мұражайға Қазақ хандығының қалыптастырылған дәуірін белгілейтін, сол кезеңдегі мемлекеттік билікпен қатар, билер сотының заң базасы да қалыптасқанын көрсететін материалдар қойылған. Қазақ сотының құрылуынан бастап, осы уақытқа дейінгі тарихын, сондай-ақ өткен кезең мен қазіргі кезеңдегі ұқсастық пен айырмашылықтарын атап өтті. Музейге қойылған заттар өткен кезеңдегі әрекеттерді толық қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл сотта қызмет атқарған судьялардың фотосуреттері мен өмірбаяндары, олардың ең алғашқы сот актілері де қойылған. Соттың құрылу жүйесінің толық жолы қалпына келтірілген.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының сот тарихы, ол гуманизм мен әділеттілік үшін күресу, сот төрелігі жүйесін жетілдірудің қиын жолы екенін де атап өтті. Қазақ қоғамы өткен тәжірибені қолдана отырып, бұл жолды лайықты түрде өтті, тек құзіретті және тәуелсіз сот қана заңдылық пен әділеттікке кепілдік бере алады.

 

Қайнар: 
Балқаш қалалық сотының баспасөз қызметі