Пара алғаны үшін жол-патрульдік полицейлікті мемлекеттік қызметтегі лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Балқаш қалалық сотымен Балқаш қаласының ІІБ-нің жол-патрульдік полиция ротасындағы полицейлікке қатысты айыптау үкімі шығарылды.
2016 жылғы қаңтар айында полиция қызметкері қызмет атқару барысында автокөлік құралы жүргiзушiсiнiң қозғалыстың белгiленген жылдамдығын арттыруына байланысты көлікті тоқтатқан. Жүргізушінің автосервисте жұмыс істейтінін біліп, егер ол мотордың майы мен майлы фильтрді алып берсе, онда оған әкімшілік материал жасамайтынын және оны әкімшілік жауапкершіліктен алып қалатынын хабарлаған.
Белгіленген уақытта полиция қызметкері автосервиске келіп, мотордың майы мен майлы фильтрін ауыстырған, осы әрекетімен ол 7 800 теңге сомада пара алған.
Сот үкімімен аталған полиция қызметкері пара берушінің пайдасына мотордың майы мен майлы фильтр түрінде жеке өзі пара алғаны үшін Қазақстан Республикасы ҚК-нің 366-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, параның 50 пайыз мөлшерінде 390 000 теңге айыппұл өндіріліп, бұл ретте жазаның мерзімі мемлекеттiк функцияларды орындауға байланысты қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Балқаш қалалық сотының баспасөз қызметі